Қызметке жаңа серпін!

2022 жылғы 23 желтоқсанда «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – проректоры, академиялық мәселелер бойынша профессор Е. А. Оңғарбаев әскери кафедрада болды.

Сапар барысында ол, кафедра циклдарында оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуымен және аудиториялық қордың жабдықталу жағдайымен танысты.

Оқу аудиторияларында проректор Е. А. Оңғарбаевқа интерактивті жабдықтар мен техникалық оқыту құралдарында жұмыс көрсетілді, сондай-ақ қару-жарақ пен техниканың оқу үлгілері бар әскери-техникалық мүлік пен бокстар көрсетілді.

Проректор Е. А. Оңғарбаев оқу-материалдық базамен танысу барысында әскери кафедраның басшылығымен және профессорлық-оқытушылық құрамымен әңгімелесті, олардың нәтижелері бойынша оларға әскери кафедрада оқу процесін жетілдіру мақсатында интернетпен, қажетті қосымша жабдықтармен және есептеу техникасы құралдарын жаңартумен қамтамасыз ету мәселелерін жедел шешу үшін тиісті лауазымды тұлғаларға өкімдер берді.

Сапар барысында Еркін Әнуарұлы әскери кафедра қызметкерлеріне университетті дамыту және одан әрі жетілдіру бойынша басшылықтың қабылдаған шаралары туралы жеткізді, әлемдік аренада және өткен жылы өңірлік деңгейде оның беделін едәуір арттыруға назар аударды. Сонымен қатар, ол ағымдағы кезеңдегі әскери кафедраның қызметін ерекше атап өтті, жаңа орынға ұйымдастырылған көшу туралы айтты, ұжымды келе жатқан Жаңа 2023 жылмен құттықтап, жаңа табыстар тіледі.

Университет басшылығының әскери кафедраға баруы және жұмылдыру резервін дайындауды лайықты бағалауы профессор-оқытушылар құрамына оқу-тәрбие процесін одан әрі жетілдіруге жаңа серпін береді!

Марат Қоғабаев,

әскери кафедраның доценті.