ҚР Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен еліміздің жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедра студенттері арасында өткен байқау өз мәресіне жетті.

ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының І орын жүлдесімен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының оқу взводы марапатталды.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасы Қорғаныс министрлігінің сайысында І орынға ие болды

ЕҰУ әскери кафедрасының бастығы, генерал-майор Уәли Еламановтың айтуынша, мұндай сайыстарға қатысу арқылы әскери қызмет беделін арттыруға, болашақ ҚР әскери қызмет офицерлерінің дене шынықтыру даярлығы мен спорттық шеберлік деңгейін анықтауға мүмкіндік бермек.

Әскери жиын нәтижесінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасының жұмысы үздік деп танылды. Курсанттар кәсіби дайындықтардан өтті: атқыштар қару-жарағының барлық түрлерін атып, жаяу әскердің оғыс машинасын меңгеру бойынша жаттығуларды орындады.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың әскери кафедрасы Қорғаныс министрлігінің сайысында І орынға ие болды

Еске сала кетейік, 11 жыл ішінде оқытушы-профессорлар қауымы ұжымымен үш мыңнан астам әскери мамандар даярланды.

28 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ҚР Қорғаныс министрі орынбасарының қатысуымен әскери кафедра басшыларымен кездесу өтпек. Кездесуде әлемдік тәжірибені есепке ала отырып, әскерлерді іріктеу келісімшарт жүйесін дамыту жағдайында әскери мамандарды даярлауды жетілдіру мәселелері талқыланады.