20-қыркүйек күні Еуразия ұлттық университетінде Халық Қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың студенттермен кездесуі – ерекше оқиға. Жауынгер генералдың дәрісі «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері» тақырыбын арқау еткен. Қалыптасуы және дамуы» отансүйгiштiкке баулу мақсатында жоғары деңгейде өттi.

Генерал-лейтенант дәріс оқымас бұрын тыңдарман назарын бірден баурап, командир ретінде өз жауынгерлерін қорғануға және студенттерге қазақстандық армияның тарихи кезеңдерін баяндап беруден бастау алды.

                              vstrecha-s-gener-leitenantom.jpg

«Мұндай күрделі кезеңдеНұрсұлтан Әбішұлы уақыт тауып, командирлерден бастап барлық офицерлерді жинап, ашық әңгіме өткізген болатын. Елбасы бізбен ашық әңгіме алаңында болды, ол кезде Совет Одағының құлаған кезі еді, мемлекетімізде жеке Қарулы Күштер құруға тура келді», – дейді Бақытжан Ертаев есіне алып. Сондай-ақ, ол кезеңде барлығы, оның ішінде әскери қызметкерлер де өздерінің тарихи отанына оралатын. Кейбіреулерін, мысалы, Украинада басқа ант қабылдауға күштеп тартатын. «Нұрсұлтан Әбішұлы айтатын: «Азаматтар бір-ақ рет ант береді». – Кейін көбі ойланып қалатын»,- дейді Бақытжан Ертаев.

                               ertaev.jpg

Өз сөзін жалғастыра, ол «Жастарға сенім артып, сол кезде оқытып, әскери оқу орындарын ашып, басқа мемлекеттерге жіберу керек еді»,- дейді. – Ресей, Түркия, Германия және т.б. елдерде оқытты. Бізге әскери аудармашылар, әскери қаржыгерлер, әскери дәрігерлер және т.б. қажет еді. Бұл қиындықтарға қарамастан, Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы және халық қойған тапсырмасын Қарулы Күштер толық орындай алды.

Бақытжан Ертаевтың ТМД-ғы ең алғашқы терроризмге қарсы оқуы туралы әңгімесі қызықты болды. Ол кезде ол ҚР Қарулы Күштерінің Бас штабының бастығы болған. БАҚ өкілдерінің көбі мұндай оқудың қажеті қанша, Қазақстанда лаңкестік болған емес деп сұрай беретін. «Қарулы күштер- халқымыздың бейбіт өмір сүруде қатер төндіруіне жол бермейтін Отан қорғаушылары» деп жауап бергенін еске алады. Терроризм және діни экстремизммен күресу туралы «ҚР Қарулы Күштерінің даму стратегиясына» енгізілген болатын. Генерал-лейтенант Ертаев өзінің ойымен, жадында қалған оқиғаларымен, басқа да ойларымен бөлісті. Ол көбінесе патриотизм жайлы сөз қозғады. «Көбі патриотпыз деп айтып жатады. Біз барлығымыз патриотпыз! Патриот болу дегеніміз – өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет ету» деп атап өтті.

Сөз соңында генерал-лейтенант Ертаев ЕҰУ-дың әскери кафедрасының студенттері мен оқытушыларына: «Әскери қызметкерлер жылдам шешім қабылдап, өз еркін бойлап, мақсаттың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Солдаттың бірінші жеңісі – бағына білуде. Ал командирдің бірінші жеңісі – бағындыра білуінде. Бірақ, командир солдаттарды өзінің бауыры ретінде құрметтей білуі тиіс. Сонда ғана солдат сені аға, әке ретінде құрметтейтін болады. Осындай қағидалар нәтижесінде ғана сіздің солдатыңыз әскери бұйрықтар мен командир бұйрықтарына бағынатын болады».

                                 lekciya-ertaeva.jpg