Әскерилер тәжірибе алмасуда

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Б. Әбдірайымның қатысуымен университетімізге Беларусь ұлттық техникалық университетінің Әскери-техникалық факультетінің өкілдері келді. Әскери ғылымдар кандидаты, полковник А.В. Бартошевич және Әскери-техникалық факультеттің оқу бөлімінің бастығы, полковник А.К. Усов ЕҰУ-дің Әскери кафедрасының оқытушылары және студенттерімен кездесті.
Әскери-техникалық факультетінің өкілдері бірнеше күн бойы әскери дайындық бойынша жаттығу көрсететіп, тәжірибе алмасатын болады.
Осы сапары барысында Беларусь ұлттық техникалық университетінің Әскери-техникалық факультетінің өкілдері Астана қаласының туған күніне орай өткізілетін мерекелік шараларға да қатысатын болады.

MILITARY.ENU © 2018
Яндекс.Метрика