Еуразия ұлттық университетінің Әскери кафедрасында әскери жиын басталды. Оның басты мақсаты – курстантардың теориялық білімін тәжірибеде шыңдау. Әскери техниканы пайдалану әдіс-тәсілдерін үйрену.

                                sbory.jpg

Еуразия ұлттық университетінің Әскери кафедрасында әскери жиын басталды. Оның басты мақсаты – курстантардың теориялық білімін тәжірибеде шыңдау. Әскери техниканы пайдалану әдіс-тәсілдерін үйрену. Әскери жиын бастығы, подполковник Б.Н. Нұрмахановтың айтуынша, «әскери жиын кезінде болашақ сержанттар өздерін нағыз әскери азамат сезініп, рухани, тұлғалық, психологиялық жағынан жақсы қалыптасады. Әскери өмірдің қиыншылығы неде екенін сезіну сәтін бастан өткереді. Әскери адамдар арасындағы ауызбіршілік, достық, ынтымақ дегеннің қандай болатынын сезінетін уақыт».

sbory-v-enu.jpg

Әскери жиынның есте қалар ең маңызды тұсы – курсанттар қолдарына қару алып тұрып, Отанға адал қызмет етуге, қорғауға ант етеді. Жиын соңында ЕҰУ курсанттары Медициналық академия студенттерімен бірге роталық тактикалық жаттығуларға қатысты. Онда жастар әскери техникан пайдалану машығын меңгеретін болады. Қазір жиынға барлығы 221 курсант қатысуда.